+7 (747) 300-77-55

+7 (747) 300-77-33

+7 (701) 772-63-16

e-mail: info@ekam-stone.kz

instagram: ekam-stone

Иілгіш тас – оңтүстік облыстың жаңа өнімі

«Иілгіш тас» - ekam-stone. Тіпті Еуропа елдеріне таңсық, үйді безендіру мен құрылыс жұмыстарына қажетті экологиялық таза материал енді Қазақстанда шығарылмақ. Әрбір төртінші тұрғыны кәсіпкер атанып отырған оңтүстікте осындай бағытта ерекше жоба қолға алынды. Дүниежүзілік сауда ұйымына енген тұста отандық өніммен шетелдіктер де шаңырақтарын безендіріп жатса, таң қалмаңыз.... Мына шағын цехтың ашылғанына әлі апта бола қойған жоқ. Бірақ, соған қарамастан қайнаған қызу тірлік басталып кеткен.Таза табиғи шикі материалға құм қиыршықтарын бүркіп, арнайы қондырғы арқылы тап осындай иілгіш, дайын өнімді шығарады. Ол ыстық пен суыққа төзімді. Ылғалды да жақсы сіңіреді. Пәтер мен үй қабырғаларын, үлкен нысандардың сыртын көмкеруге, декор мен сән үшін шамдарды қаптап, тіпті сағат та жасауға болады. Әзірге Қазақстанда мұндай материал шығаратын өндіріс тұрмақ, өнімнің баламасы жоқ. Бұл идея Дархан Өмірзақов пен оның жары Гүлнәрға бұрын-ақ келген. Бел шеше кірісіп кетуге алғашқыда қаржы тапшылығы қолбайлау болды. Шикізатты жеткізу жағы да қиындық туғызды. Енді мұның бәрі артта. Мемлекет қолдауының арқасында «Даму» қоры төмен пайызбен несие қарастырып берді. Қазір алты адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Болашақта өндірістерін ұлғайтпақ ниетте. Гүлнар Жолдыбаева, кәсіпкер: Әзірге бізде бір ғана цех істеп тұр. Бірақ жақын арада қондырғылар толыққанды алынған соң, екінші бөлікті іске қосамыз. Айлық жалақылары 40 мыңнан басталады және бонустық жүйе жұмыс істейді. ДСҰ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелік - көптеген кәсіпкердің мүмкіндік көкжиегін кеңейтті, - дейді олар. Өйткені, Ресейге барып оқыды, үйренді, қажетті құрылғыларды жеткізді. Жеңілдік көп. Әлеуметтік желіде арнайы сайттарын да ашты. Тапсырыстар да толастамай келуде. Кәсіпкермен сұхбаттасу барысында «Қазақстанда жасалған» деген тауар шетелдіктерді таң қалдырса деген ниетін байқадық. Айтпақшы, ekam-stone шығарушылары тамыздың 28-і күні Көрме орталығында өтетін «Жылдың үздік тауары» көрмесіне қатысуға бекініп отыр.

Источник